”АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ орталығы”
- Толығырақ
💫”АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ орталығы” 5-9 сынып білім алушыларының ата-аналарымен “Жадыны дамыту” тақырыбында сабақ жүргізілді. 🛑 Мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, дара тұлғаның еркін үйлесімде дамуын және қажетті білім, білік дағдыларын қаруландыру.
Ұйымдастырған: 5-9 сынып жетекшілері.
Қауіпсіздік сабақтары
- Толығырақ
“Біртұтас тәрбие”бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әр дүйсенбі 1-11 сынып аралығында 📍Қауіпсіздік сабақтары өтеді‼️
“STARTUP”
- Толығырақ
Мектебімізде “Smart Bala”жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен “STARTUP” конкурсы өткізілді.
Мақсаты:инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
оқушылармен түсіндірме жұмыстары
- Толығырақ
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта мектебімізге Қобда аудандық ПБ-нің ЖПҚБ-нің Кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты А.Б.Нуртазин келіп кездесу өткізді.
Полиция қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық соның ішінде буллинг, кибербуллинг, вандализм, нашақорлық, түнгі уақытта мезгілсіз жүру қаупі және тағыда басқа мәселелер жөнінде оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Алтын сақа”
- Толығырақ
3-4 сынып оқушылары үшін “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары Дошимова Аделя 3-орын, Шуайпов Халид 3-орын, Сансызбай Мерейім 3-орын иеленсе,3- сынып оқушылары Мауыт Інжу 3-орын, Сатубалдиев Ахмет 3-орын
Ерлан Медет мақтау қағазын иеленді.
Жетекшілері: К.А. Утенова, А.А Ермуханова
«Буллинг және кибербуллинг, оның алдын алу»
- Толығырақ
Мектеп оқушыларына зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету.Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білуге баулу мақсатында «Буллинг және кибербуллинг, оның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
“Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу”
- Толығырақ
✅18- қараша күні “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” іс-шаралар жоспарына сәйкес сыныптарда тәрбие сағаттары жоспарлы түрде өткізілді.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
- Толығырақ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 5-6 сынып оқушылары катысып жүлделі орындарды иеленді.
Рахметулла Амиржан 2 орын (орыс тілі)
Розыбакиева Диляра 2 орын (ағылшын тілі)
Тұрсынғали Үміт 3 орын (қазақ тілі)
Исламғали Инабат 3 орын (тарих)
Таженова Айнара 3 орын (ағылшын тілі)
Мауыт Меруерт 3 орын (математика)
Биржанов Айзат 3 орын (жаратылыстану)
“Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу”
- Толығырақ
✅Жиренқопа орта мектебінде орта буын оқушылары арасында “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізген: мектеп психологі Д.Б.Оңғарбай
“Үнемді тұтыну”
- Толығырақ
✅ Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Үнемді тұтыну” жобасын іске асыру барысында мектеп оқушылары энергияны,суды,табиғат ресурстарын ұқыпты қарау жөнінде суреттер салды. Болашақта таза ауыз су тапшылығы, энергия тапшылығы болмау үшін мектеп жасынан оқушыларды үнемділікке үйрету болып табылады.
“Ұшқыр ой алаңы”
- Толығырақ
✍🏻Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асыру бойынша “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 6-сынып оқушыларының арасында
БП. “Ауылда тұрудың артықшылығы мен кемшіліктері” тақырыбында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Өткізген: Дебат клубының жетекшісі: А.Қ.Сағынов
“Нашақорлық ХХІ ғасыр дерті”
- Толығырақ
💫💫💫Жиренқопа орта мектебінде мектеп оқушылары арасында “Нашақорлық ХХІ ғасыр дерті” тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізген мектеп психологі: Д.Б.Оңғарбай