Жарылғапова
Ұлболсын Серікқызы
Жиренқопа орта мектебінің директоры
Мектеп туралы
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ
«Жиренқопа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жиренқопа орта мектебі» КММ-сі Қобда ауданы Жиренқопа ауылы Жастар тұйығы көшесінде орналасқан. Тарихта үлкен із қалдырған киелі мекеннің білім ордасының тарихы тереңнен бастау алады. 1932-1933 жылы білім беру орталығы болып саналатын 4 жылдық Жиренқопа мектебінің негізі қаланған. 1940-1942 жылдары жетіжылдық мектеп болып қайта ашылып, 1961 жылдан бастап орта мектеп болып қалыптасты. 2011 жылы желтоқсан айында 180 орындықты, екі қабатты жаңа типтік мектеп пайдалануға берілді. Мектепте жалпы 11 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: физика, химия, информатика, лингафон, ер балалар үшін шеберхана, қыз балалар үшін технология кабинеттері бар. Сонымен қатар мектепте спорт залы, мәжіліс залы, кітапхана, медициналық кабинеті бар. Мектеп асханасы 72 орындықты, мәжіліс залы 120 орындықты. Ұстаздар қауымының білім беруде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып, күнделікті сабақтарын заман талабына сай сапалы білім беруге толық мүмкіндіктері бар.