
Жиын барысында мұғалімдеріміз елеулі еңбектері үшін Аудандық білім бөлімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, АЛҒЫС ХАТТАРЫмен және мектебіміздің ҮЗДІК пән мұғалімі, сынып жетекшісі, бірлестік жетекшісі анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылындағы оқу үздіктері, дарынды оқушылар, яғни, мектептің білім деңгейін көрсететін пәндік олимпиада жүлдегерлерін және мектебіміздің абыройын биіктетіп түрлі шығармашылық, спорттық байқауларға қатысып, мектеп атын шығарып жүрген
белсенділеріміз марапатталды.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық , демекші, дарынды балаларды қолдау мақсатында ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сыйлықтарға демеуші болған жүрегі мейірімге толы ардақты Ербол Кукебаев ағамызға алғысымызды білдіреміз.