WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.14 2 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕН - 110 БАЛЛ!
Мектебіміздің түлегі Накеш Айша Әлібекқызы. ✅
ҰБТ нәтижесінде 110 балл жинап, өз білімің жоғары деңгейде көрсетті. Құттықтаймыз! 
Таңдау пәні: география және ағылшын тілі.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.14 1 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕН - 112 БАЛЛ !
Мектебіміздің түлегі Сұлтанов Нұрлыбек Нурболатович. ✅
ҰБТ нәтижесінде 112 балл жинап, өз білімің жоғары деңгейде көрсетті. Құттықтаймыз! 
Таңдау пәні: Қазақ тілі мен әдебиет

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.12 WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.13 1 WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.14 

🔰Ата - аналар назарына!🔰
Мектеп формасына қойылатын талаптар. ✅

2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы Қазақстан  Республикасы Білім мен ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен  бекітілген
Орта білім беру ұйымдарындағыміндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
      2. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
      3. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
      4. Ұлдардың мектеп формасы:
      пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
      5. Қыздардың мектеп формасы:
      пиджак, юбка (ұзындығы тізеден асатын), шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
     6. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
     7. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
     8. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
     9. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.13.47 1 

14.06.2024ж. «Бала-land» ☀️жазғы лагерьінің жабылу салтанаты өтті. Лагерь тынығушылары 14 күн ішінде өз талантын, белгілі бір қабілетін аша алды, топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделді. Көп достар тауып, кішігірім шешімдерді өзі бетінше шешуді үйренді.👍🏻👏🏻

Балалардың көзінде керемет көңіл күйді, қимастық сезімді көрген лагерь тәрбиешілері, екі апта еңбектері зая кетпегенін түсініп, лагерьдің соңғы күнін есте қалатындай қызықты, думанды аяқтады. Балалар келесі жылы, қайта қауышатындарын жеткізді! Қош бол Лагерь-2024!!! 💐💐💐

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.13.23 1 

Демалыс көркі - лагерь 🔆
Лагерьдің күн тәртібі бойынша балаларды қабылдаудан бастап, жағымды көңіл-күймен таңғы жаттығу жасап, әр баламен жекелей жұмыстар жасалды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.13.06 1 

Жазғы демалыс балалардың ойын сергітеді ♻️
Мектепішілік лагерьде балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, ойын арқылы достасады.Жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері боп қалуы үшін, лагерьді ерекше өткізу біздің басты мақсатымыз.
❌⭕️ “Крестики-нолики” ойыны

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.12.47 

Лагерь – балалардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің тәсілі. Тек демалыс пен ойын-сауық қана емес, олардың дамуына ықпал ететін алаң. Табиғат аясындағы белсенді демалыс баланың физикалық денсаулығын жақсартады.

“Бала-land” лагерь балаларының көгалдағы ойыны.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.12.32 

“Көңілді жаз” тақырыбында түрлі-түсті акварель бояуларымен сурет салу.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.12.15 

Адамның басты
байлығы-денсаулық. Денсаулық-адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз
денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен
қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Осыған орай лагерь балалары ауылдық амбулаторияға барып дәрігерден денсаулықты күту жолдары туралы ақпарат алды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.12.00 

Сән - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. 
Лагерь қыздары арасында өткізілген “fashion show” сән көрсетілімі.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.11.44 

“Бала-land” жазғы алаң балаларының есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында “Көңілді түстер” ойыны ойнатылды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.11.30 

2024 жылдың 14 мамыр күні “Бала-land” жазғы алаңның оқушыларына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жыл толуына орай «Уақыт және тағдыр» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараның мақсаты – балаларды батыр қыздың өмірі және ерліктерімен таныстыру.

❇️ Шара барысында балалар Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы мәліметтермен танысты. Балалар Екінші дүниежүзілік соғыста Ә.Молдағұлова жаудың 78 офицері мен жауынгерін жойғанын білді. Ол 54-ші атқыштар бригадасында қызмет етті. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысы, Казачиха ауылы маңындағы ұрыс кезінде қаза тапты. Сондай-ақ Әлия Молдағұлова туралы кітап көрмесі қойылды. Шара соңында балалар тақырыптық слайдтарды тамашалады.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.11.14 

ЖАЗҒЫ АЛАҢ 🔆🔆🔆

“Who is the best?” интелектуалдық ойыны өтті
📌Мақсаты: балаларды достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.10.53 

Мектебіміздің түлегі Аянат Алдашева, үздік аттестатқа үміткер.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден 115 балл жинады.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.10.46 

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ РӘСІМІ
Мектебімізде негізгі орта білімді бітіруші түлектерге арналған мемлекеттік аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Биыл негізгі орта білімді 10 білім алушы аяқтады. Оның 2-і үздік аттестат иегерлері.
Мектеп директорының м.у.а Сатубалдиев И.Н бітіруші түлектерді құттықтап, аттестат тапсырды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.10.23 

Табиғат аясында .
13.06.2024 күні жазғы алаң балаларымен табиғат аясына саяхат жасалды. Таза ауада демалып, әдемілік пен әсемдіктен эстетикалық әсер алды. 
Түрлі қызықты ойындар ойналып, лагерь демалушылары көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.09.56 

Мектеп жанынан ашылған “Бала-land” лагерінде “Қыз еркем,ісімен көркем” атты шара өткізілді.


Мақсаты: Жасөспірім қыздарды аспаздық өнерге баулу. Бойларындағы шеберлік, ұқыптылық, әсемдік, біліктілік, танымдық қасиеттерінің артуына ықпал ету.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.17.24 

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ -БАСТЫ НАЗАРДА!

⛱️Лагерь балаларына жазғы қауіпсіздік☀️, судағы қауіпсіздік🏊‍♂️, өрт қауіпсіздігі🔥, жол ережесі🚦туралы ақпараттар айтылды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.09.41 1 

Мектепішілік лагерь жоспарына сәйкес “Қолөнер” сағаты өтті. Балалар түрлі-түсті қағаздардан әртүрлі бейнелер жасады.
🔶🔷🔶🔷🔶🔷🔶🔷🔶🔷🔶🔷🔶🔷
Сабақ барысында қол еңбегімен қоса ой еңбегі қатар жүріп, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.17.39 

«Бала-land» жазғы алаңында “ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ” бұрышы жасақталды.
🍄🌿
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. 

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.09.20 

Kinotime🎬
“Алтын балалық шақ” онкүндігі жоспарына сәйкес
“Атадан балаға мұра” бағыты бойынша, балаларды рухани тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу мақсатында “Оян,қазақ!” фильмі көрсетілді.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.08.24 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС АЛАҢЫ

“Алтын балалық шақ” декадасының жұмыс жоспарын ұйымдастыру және оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында, лагерь балалары “Жақсылық жолында” атты волонтерлық жұмысына қатысты.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.07.56 

Жаз - 2024 
«Бой сергіту» жаттығулары.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.07.40 

«Бала-land» мектеп жанындағы лагерь балалары мектеп алаңында "Біз бақытты баламыз” тақырыбында асфальтқа сурет салу арқылы өздерінің қиялына ерік беріп, эстетикалық ой-өрістерін дамытты.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.07.21 

“Денсаулық лигасы” бағыты бойынша “Бала-land” лагері қатысушылары арасында веложарыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулықтарын спорт арқылы нығайтуға тәрбиелеу.

 

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.06.44 

«Бала-land» лагерінде "Денсаулық лигасы” бағыты бойынша "Көңілді старт” эстафеталық сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: спорттық ойын-сауық арқылы балаларды салауатты өмір салтына баулу. Жылдамдық,күш,ептілік қабілеттерін дамыту.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.06.19 

«Бала-land» мектепалды лагерінде «Алақанмен сурет салу» шығармашылық жұмысы өтті.
Мақсаты: дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салуды жалғастыру. Алақанмен және саусақтармен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.06.02 

Өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеу және балалар әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында “ Бала-land” лагерінде кітап оқуға арналған бұрышы жасақталды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.05.50 

Жазғы лагерь - тиімді демалыс мекені.

Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық мектеп алаңында басталады🤗
☀️Жиренқопа орта мектебінде 3 маусым күні “Бала-Land” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері жұмысын бастады.
Жазғы алаңның басты мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.05.34 

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – ұлттық құндылығымыз. 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні «Көк тудың желбірегені» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
🖇️Білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін, патриоттық сезімін ояту. Алдымен балалар Мемлекеттік Гимнді орындады, “Менің рәміздерім – менің мақтанышым!” атты рәміздер туралы өлеңдер оқылды.мМемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – ұлттық құндылығымыз. 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні «Көк тудың желбірегені» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
🖇️Білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін, патриоттық сезімін ояту. Алдымен балалар Мемлекеттік Гимнді орындады, “Менің рәміздерім – менің мақтанышым!” атты рәміздер туралы өлеңдер оқылды.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.05.13 

Құрметті отандастар!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

🔹Егемендік пен елдіктің нышанына айналған Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі. Бүгінде көк Туымыз, еңселі Елтаңбамыз бен әуезді Әнұранымыз татулық пен тұрақтылықты, тыныштық пен түсіністікті білдіреді.

🔹Халқымыз өрлеу мен өркендеу жолында, талай қиындықтармен күресті. Ел мүддесі мен мемлекет мұратын биік қоя отырып әлем таныған абыройлы елге айналды.

🔹Еліміз тыныш, халқымыз аман, ұлттық Туымыздың мәртебесі биіктей берсін. Берекелі бірлік пен тату тірліктің арқасында алдағы асқар асулардан сүрінбей өтетінімізге кәміл сенеміз.

🔹Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.04.41 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ.
🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні,болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

  4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне орай,жазғы мектепке қатысушы мектеп оқушылары арасында тақырыптық шаралар ұйымдастырылды. 

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.04.35 

1 маусым Халықаралық балалар күніне орай “Алтын балалық шақ” декадасын өткізуге арналған аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес және “Бала-Land” мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылуына 1-мамыр “Бақытты балалық шақ” атты іс-шара атап өтілді.
🎊Мерекелік іс-шараға ата-аналар мен балалар келіп,оқушылардың өнерлерін тамашалап,билеп,өлең айтып,қуанып кетті.Әркім өзінің жарқын туындыларымен өзін де, өзгені де қуанта білді.
Мерекелік іс-шараларымыздың соңында әр балаға күлкі сыйлау мақсатында ауылымыздың жеке кәсіпкерлері “Мұрагер”, “Аружан” дүкендері тәтті балмұздақтар берді.🍦❤️
💖 Осы тамаша күнге қатысып, оны мейірімділікке, шығармашылыққа және қуанышқа толтыра білген әрбір жанға алғысымыз шексіз! 

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.13.50 

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар.

Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

31 мамыр – 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні. 

Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қырылып қалды. Кейбір деректер бойынша ең кемі 2 млн адам аштықтан ажал құшқан. Ал 200 мың қазақ басқа мемлекеттерге көшіп кетті. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын.

2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды.

2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде, саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Кітапқа ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдар енген.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.13.58 

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар.

Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

31 мамыр – 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні. 

Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қырылып қалды. Кейбір деректер бойынша ең кемі 2 млн адам аштықтан ажал құшқан. Ал 200 мың қазақ басқа мемлекеттерге көшіп кетті. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын.

2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды.

2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде, саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Кітапқа ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдар енген.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.14.04 

Құрметті ата-аналар,оқушылар!
🌟”Бала-Land” мектепшілік лагері өз жұмысын бастайтындығы жөнінде хабарлаймыз.🌟
Басталуы: 3 маусым.
Уақыты: 9.00-ден 12.30-ға дейін
Ұзақтығы: 10 күн
Жас аралығы: 10-14
☀️Дамып,белсенді уақыт өткізуге шақырамыз.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.14.16 

 

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.14.31 

Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларына “Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге” тақырыбында шара өтті.
Мақсаты: оқыған кітаптары бойынша есте сақтау қабілеттерін тексеру, топпен жұмыс, кітаптың пайдасы туралы насихаттау.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.14.40 

2️⃣0️⃣2️⃣4️⃣жылдың 2️⃣4️⃣мамырына құрылған іс-шаралар жоспарына сай,бастауыш сыныптары арасында “Менің Отаным-Қазақстан” атты сурет салу байқауы өткізілді.
Жетекшісі:Ермуханова Ж.К.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.14.47 

GUIDEBOOK «Қызықты жазғы демалыс»

💫Жазғы демалыс – достармен көңілді бас қосып, түрлі қызықты іс-шараларға қатысып, табиғатты тамашалайтын керемет уақыт.

💫Балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге арналған GUIDEBOOK кітапшалары 1-10 сынып оқушыларына таратылды.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.15.08 

”МЕКТЕБІМ,САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!”

🔰Түлектердің алтын ұя🏫мектебімен қоштасқан күні.

25 мамыр күні мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шарасы өткізілді. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Келден А,Жиренқопа ауылдық округінің әкімі Манашев А.Б, ардагер ұстаз
Накешева С.С. қатысты. Мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау іс-шарасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізіліп,Гимн орындалды.Келген қонақтар ұстаздар қауымын, мектеп түлектерін, ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап,аудандық білім бөлімінің әдіскері Келден А.жыл қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен мектеп мұғалімдерін марапаттады. Ата-аналар атынан құттықтау сөз алған Накеш
Ә.Т,Апиева А.А. ыстық ықыластарын білдіріп, түлектерге сәт сапар тіледі. Мектеп бітіруші түлектер 1️⃣1️⃣жыл бойы білім алған алтын ұя мектебіне деген ыстық сезімін білдіріп, 1️⃣0️⃣сынып білім алушыларына «Білім кілтін» табыстады. Ұстаздар мен білім ұясына арналған әндер орындалып, түлектердің вальсі орындалды. 2️⃣0️⃣2️⃣3️⃣➖2️⃣0️⃣2️⃣4️⃣оқу жылының қорытындысы бойынша соңғы қоңырау 1️⃣0️⃣түлек үшін соғылды.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.16.11 

2️⃣0️⃣2️⃣4️⃣жылдың 2️⃣4️⃣мамырына арнап құрылған іс-шаралар жоспарына сай ”Оқуға құштар” жобасы аясында
📚“ДОСЫҢА КІТАП СЫЙЛА”📚
акциясы өтті.
Мақсаты: Жазғы демалыста кітап оқу, барлық жастағы оқушылардың назарын кітапқа аударып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Акцияға қатысушылар: 3,4 сынып оқушылары.
Ұйымдастырған:Мектеп кітапханашысы.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 23.45.34 

“БІЛІМІМ-ОТАНЫМА” бірыңғай тәрбие сағаты.
Мақсаты:
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.16.20 

“БІЛІМІМ-ОТАНЫМА” бірыңғай тәрбие сағаты.
Мақсаты:
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.16.47 

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз!🎉

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап!

Жиренқопа орта мектебінде
“Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке” атты тарих пәнінің мұғалімі -Куттыбаева Сулушаш Джылкыбаевнаны
зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты жиыны өтті.
Мектеп директорының м.у.а: Сатубалдиев И.Н.
зейнеткер апайымызды мерей тойымен құттықтап,мектеп ұжымы атынан сыйлығын беріп,
кәсіподақ төрайымы-Клютов Н.К. кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасын табыстай отырып, ізгі тілегін арнады.
Шара барысында, оқушылары мен әріптестері, шәкірттері ыстық лебіздерін білдірді.
Оқушыларымыз ән,өлең арнай,апайымызды зейнеткерлікке қимастықпен шығарып салды.
✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨
Құрметті Куттыбаева Сулушаш Джылкыбаевна!
Еңбегіңіз еленіп,құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында “аяулы әже” деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.17.19 1 

2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бір мезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📌Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
1️⃣0️⃣сынып.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.17.35 

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 2023-2024 оқу жылының аяқталуы қарсаңында еліміздің мектеп оқушыларына үндеуі.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.17.58 

Оқу жылының соңғы күндерінің бірі, яғни 24 мамыр күні Жиренқопа орта мектебінің талантты, білімді, ең алғыр, оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін өз білімдерімен толтырған озат оқушыларға “Озаттар шеруі- 2024“ атты іс-шарасы өткізілді. Мектеп директорының м.у.а: Сатубалдиев И.Н. мектебіміздің оқу үздіктерін мақтау қағаздарымен марапаттады.
📍2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бірмезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзі тыңдалды.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.18.52 

2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бір мезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📌Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
7️⃣сынып.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.19.07 1 

2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бір мезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📌Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
3️⃣сынып.

 

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.19.07 

2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бір мезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📌Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
2️⃣сынып.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.19.07 3 

2️⃣4️⃣ Мамыр сағ.09-00.-де бір мезгілде «Білімім – Отаныма!» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📌Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
1️⃣сынып.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 18.21.52 

Жиренқопа орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
📌Жалпы ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі және Жиренқопа өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі: Накеш Әлібек Тұрсынғалиұлы
қатысып,өрт шығуының алдын-алу,өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттеліктері туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📌Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
📍2023-2024 оқу жылының аяқталу қорытындысы, жазғы мектептің өткізілу тәртібі;
📍2024-2025 оқу жылындағы мектеп оқушыларының мектеп формасы;
📍2023-2024 оқу жылындағы балалардың жазғы демалыс лагерлерінің ұйымдастырылуы;
📍Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ұстануы;
📍Ағымдағы мәселелер;
🔗Жиналыста жазғы мектеп, келер оқу жылындағы оқушылардың мектеп формаларының түрлері ескертіліп, балалардың жазғы демалыс лагерлеріне бөліністері, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздіктері ( суға түсу, өрт, жол көлік оқиғалары, терезе қауіпсіздігі, зорлық зомбылықтарды болдырмау), т.б.құқық бұзушылықтарға жол бермей,ата-ана мен педагогтер байланыса отырып,алдын алып жұмыстануы қажет екендігі ескертілді.

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.20.06 

Ағымдағы жылдың 21 мамырында мектебімізде «Ұлы Дала батыры - Қобыланды» атты аудандық дәстүрлі Қобыланды батыр жырын жатқа айту байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:
🥇орын – Қабидоллаева Малика Қосөткел негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы;
🥈орын – Таженова Гүлназ Жиренқопа орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
🥈орын – Ермекова Нұршат Бестау мектеп бөбекжай-балабақшасы кешенінің 7 сынып оқушысы;
🥉орын – Абишева Адина И.Тайманов атындағы гимназияның 8 сынып оқушысы;
🥉 орын – Үсенов Санжар Қаракемер негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы;
🥉орын – Қибашев Ислам Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!!!

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.20.26 

АТА-АНАЛАР МЕН ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.20.44 

Құрметті ата-аналар!
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! 
 
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн  – өмірлеріңіздің ең маңызды қадамы!
Ұясынан түлеп ұшқан әрқайсыңыздың алға қойған биік мақсаттарыңыз орындалып, үкілі үміттеріңіз ақтала берсін!
Жыл сайын дәстүрлі «25 мамыр – Соңғы қоңырау күні»  мерекесі барлық мектеп бітіруші түлектер үшін тойланып келді.
Өздеріңізге белгілі мектеп бітіруші түлектер дәл осы күні ерекше толқыныс пен ата-аналардың қатысуымен барынша кең көлемде іс шаралар ұйымдастырып, қымбат көліктер мен салтанатты тойханалар мен мейрамханаларда той тойлауды үрдіске айналдырғаны белгілі.
Дегенмен, осындай барынша жарқыраған той тойлаудың соңы өкінішке қарай түрлі қайғылы оқиғаларға ұласып жатты...Он екіде бір гүлі ашылмай жол апатына ұшыраған түлектер қазасы жылда кездесіп жатады.
 Сондықтан да, Абай Құнанбаев айтқандай, «Бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Ысырап, бекер мал шашпақ...»  деген терең философиялық ой түйінін келтірген үлкен сабақ...  
Сонымен бірге елімізде осы жылы орын алған су тасқынына байланысты төтенше жағдайға байланысты  өңірлердегі құрбыларымыздың көңіліне қарап, біз бірлігіміз бен ынтымағымыз арқылы мейірімділік қасиетін де көрсеткеніміз жөн...
Биылғы оқу жылында осы мерекені ерекше атап өту, креативті форматта ұйымдастыру қолға алынып отыр.
Бір күндік іс-шараны қолдағы барды шашып, дүркіретіп тойлағаннан бөлек, алтын ұя мектептің қабырғасында ыстық естеліктермен бөлісіп, өзгеше форматта өткізу әлдеқайда тиімдірек шығар...
Сіздер Қазақстанның жарқын болашағысыздар! Қалаған мамандықтарыңыздың кәсіби тұлғасына айналып, «сен де бір кірпіш дүниеден, кетігін тауып қалану үшін» өз орындарыңызды тапсаңыздар, ата-ана үшін де, ұстаздарыңыз үшін де зор қуаныш!
Құрметті ата-ана! Әрине, әр ана мен әке үшін өз баласының жаңа өмірге қадам басқаны ең бақытты сәттің бірі.  

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.21.17 WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.20.59

БАСТАУЫШПЕН ҚОШТАСУ КЕШІ

1️⃣7️⃣ мамыр күні “Жиренқопа орта мектебі” КММ “Аттандық бала шақтан болашаққа” тақырыбында 4️⃣сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу кеші өткізілді.
Мақсаты:
📚Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру, өнер - білімдерін ортаға салу.
📚Ұстазға, ата - анаға, мектепке, бір - біріне деген құрметке тәрбиелеу.
📚Оқушылардың бастауыш білім сатысынан орта буынға өтетін кезеңін есте қаларлықтай өткізуге жағдай жасау.

Сынып жетекшісі: Дюсенбаева Г.К.

Жас түлек! Әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспіз!

WhatsApp Image 2024 07 16 at 17.21.55 

ЖАТ АҒЫМДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.53.49 

Құрметті әріптестер, ата -аналар! 15 мамыр -Халықаралық отбасы күні. Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл - қызы демекші, мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтын әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.54.17 

12 мамыр Аналар күні қарсаңында 1️⃣сынып оқушылары асыл 🌺 аналарын 🌺құттықтады.

Аямай бар ғұмырын баласынан,
Төрт бөліп, түн ұйқысын таң асырған.
Есейіп, ер жетсең де бұл өмірде,
Анаңдай таба алмассың, жанашыр жан..

Аяулы аналар аман болсын!

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.54.32 

АНАЛАР КҮНІ.
“Ана-өмір шуағы” атты 3 сыныпта бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Утенова Қ.А.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.54.50 

АНАЛАР КҮНІ.
Көргім келеді жүз жас емес,
мың жасауын Анамның,
Аман-есен жеткендігін көргенімше алаңмын.
Жүрегіме жылу беріп шуақ шашып тұратын
Менің Анам сегізінші кереметі Ғаламның!
Аналар күніне орай 6️⃣ сынып оқушысы Ерекеева Фаризаның анасына арнаған бейнеролигі.
ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАҒАН АНАЛАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!💐

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.55.54 1 WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.55.54 

‼️ТҮНГІ АУЫЛДАҒЫ БАЛАЛАР.

▪️Ауыл ішінде кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
✅Мақсаты:Түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың заңды өкілісіз көшеде жүруі,қаңғыбастық пен қылмыстың,құқық бұзушылықтың алдын алу.
✅Рейд барысында ауылдағы дүкендер, орталық көшелер, “Төрлет” кафесі бақыланды.
📌Көшеде кездескен кәмелетке толмағандармен кешкі 22.00 ден кейін жүруге болмайтындығы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✅Рейд 21.00ден 00.30-ға дейін өтті. Осы аралықта өрескел тәртіп бұзушылық байқалмады.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР❗️
Қазіргі таңда,жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қадағалауды ата-аналар назарына саламыз.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.55.55 1  WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.55.56

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың болдырмау, келеңсіз оқиғалардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін күшейту және оқушылардың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрмеуінің алдын алу мақсатында МАМЫР айының мереке күндері рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
🔹Мұғалімдер ерікті түрде 21:00 ден 00.30-ға дейін көшелерді аралап,түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд кезінде ешқандай оқушылардың тәртіп бұзушылықтары анықталмады.
🔹Ата-аналар!!!
Балаларыңыздың түнгі уақытта жүрмеуін қадағалаңыздар‼️‼️‼️

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.55.58 

 КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС.

📌📌📌Мектеп психологі ұйымдастыруымен қоңырау уақытында “КІМ ТАПҚЫР” тақырыбымен көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
✔️✔️✔️Мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа, ауызбіршілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.56.30 

7️⃣мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай “Ұранды ердің - ұрпағы қайсар” атты 5️⃣,6️⃣ сыныптарында патриоттық сағат өтті.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.56.45 

АНАЛАР КҮНІ.
«Ана - гүл,
Ана - жыр,
Ана - өмір шуағы» атты тақырыпта 7️⃣ сынып оқушыларының әлемнің жарығын сыйлаған аналарына арнаған құттықтау бейнеролигі.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.57.01 

АНАЛАР КҮНІ
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “1️⃣2️⃣ Мамыр-Аналар күніне” орай 3️⃣ сынып оқушылары аналарды құрметтеу, ана өмірдің шуағы, анаға деген махаббаттың шексіз екенін дәріптеу мақсатында “Ана - барлық көркемдіктің белгісі” тақырыбында құттықтау бейнеролигін дайындады.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.57.18 

Ана – шуақ, отбасыңның жылуы, Ана – бұлақ, таусылмайтын бастауы, Ана – құрақ, көгертетін еліңді.
“Аяулы анашым” атты бейнеролик.
Накеш Құралай 8 сынып оқушысы

 
                     ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
                                                  balatili.kz 1 2 Opera Снимок 2022 06 16 000255 termincom.kz c plbr