WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.57.39 

12 сәуір-Аналар күні мерекесіне орай өткізілген “Анаммен бір күн” атты челлендж.
Алдашева Аяжан, 8 сынып оқушысы.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.57.54 

Аналар күні қарсаңында
“Ана - өмір, ана - жыр “ атты бастауыш сынып оқушыларымен сурет байқауы ұйымдастырылды. Аналар күні-керемет және әсерлі мерекелердің бірі. Әр адам үшін Ана-ең әдемі, ол -ең қымбат жан, оған жақын ешкім жоқ.
⚡️Мақсаты: Аналарға суреттер мен шығармашылықтың әр бөлшегі қандай сүйіспеншілікпен және жылулықпен орындалғанын көрсету.
Ұйымдастырушы: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі-Ермуханова Ж.К.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.58.09 

Аналар күнімен

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Аналар күні аталып өтуде

Әлемнің жарығын сыйлаған барша аналарға шексіз алғыс білдіреміз🫂

Аналар қауымына зор денсаулық тілейміз.
Шаңырақтарыңыздан шаттық әні үзілмесін!

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.58.26 

9-мамыр Жеңіс күніне орай 10-11 сыныптарында тәрбие сағаты өткізілді.
⚜️Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен,қазақ батырларымен,және соғыста болған қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы таныстырып, ой—өрістерін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру,
патриоттық сезімге баулу.
Сынып жетекшілері: Жуканова Ж.К. Манашева Г.Н.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.59.36 

7 МАМЫР- ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ🇰🇿🇰🇿

⚜️ Отан қорғаушылар күніне орай 2-3 сынып арасында сынып сағаты өткізілді.
⚜️Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, қорған болуға бағыттау.
⚜️Өткізген: Ермуханова А.А.
Утенова К.А.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.59.54 

7 МАМЫР- ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

⚜️ Отан қорғаушылар күніне орай 7-8 сынып арасында сынып сағаты өткізілді.
⚜️Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
⚜️Өткізген: Ермуханова Ж.К.
Сағынов А.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 10.00.21 

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1 сынып оқушыларының 9 мамыр -Жеңіс күніне арнаған құттықтаулары.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 10.00.33 

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты “Ұранды елдің-ұрпағы қайсар” атты ұл балалар мен әкелері арасында спорттық эстафета сайысы өтті.
💥Мақсаты:Балаларды салауатты өмір сүре білуге шақыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл күй орнату болды.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 10.00.52 

Мектебімізде жас ұрпақтың бойына патриоттық, отаншылдық, елін,жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Мен өз елімнің патриотымын» атты челлендж өтті.
Ұйымдастырған:Тасмағамбет А.Н.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.50 

Мектеп Лигасы жоспарына сәйкес 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне және Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушылары арасында кіші футболдан ⚽️⚽️жарыс өткізілді.
Ұйымдастырушы: Жарылгапов Е.М.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 09.26.32 

Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр – батылдықтың, ерліктің, адалдық пен Отанға деген шексіз махаббаттың белгісі.
Бұл күні біз аталарымыздың өшпес ерлігін, оларға түскен ауыртпалықтар мен қиындықтарға толы сәттерді еске аламыз.

Сұм соғыс бүкіл адамзатқа үлкен сабақ болды. Біз бірлік пен зор үміттің арқасында жеңіске жете білдік. «Берекелі бірлік – бәрін жеңбек» деген ұранды ұстанған қазіргі Қазақ Елі тыныштық пен бейбітшіліктің жоғарғы үлгісін көрсетіп отыр.
Ұлы Жеңіс күнімен !.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.51 1 

Құрметті ауылдастар!
Бүгінгі Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы.
Осынау ұлы мереке қарсаңында сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, елімізде бейбітшілік таңы ата берсін!

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.51 

Ағаш отырғызу - сауапты іс

🌳🌳🌳Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.

🌳🌳🌳Себебі, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
🌳🌳🌳Бұл бағыттағы дәстүрге айналған тал егу акциясына 2024 жылғы мектеп түлектері үлестерін қосып,мектеп ауласына 10 дана жас тал көшеттерін (шие,қара өрік) түп ағашын отырғызды. Жылда өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту,көгалдандыру, мектеп ауласын жасыл желекке айналдыру, алтын ұя мектебінің жанында өз іздерін қалдыру.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.53 1 

 “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

   WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.54

Мектебіміздің 8 сыныбында “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға сыбайлас жемқорлық деген не екенін түсіндіру арқылы адалдық пен адамгершілік қағидаларын қалыптастыру. Оқушылар “Адалдық ардың ісі” нақыл сөзіне талдау жасап, өз ойларын ортаға салды.
Адамгершілік қасиеттерін ұмытпайық.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.53 

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектеп оқушылары ауылдық кітапханаға мерекеге орай ұйымдастырылған көрмемен танысуға барды.
Мақсаты: оқушыларға көпұлтты ҚР-ның халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту және де өзге ұлттардың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 06 07 at 07.58.14 

1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде “Қазақстан- біздің сүйікті, ортақ Отанымыз” тақырыбында 5,6 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді.
⚜️⚜️⚜️«Бірлік болмай тірлік болмас» деген дана халқымыз. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1-мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.
⚜️⚜️⚜️Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Ұлттық мүдде” құндылығы

 
                     ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
                                                  balatili.kz 1 2 Opera Снимок 2022 06 16 000255 termincom.kz c plbr