WhatsApp Image 2024 05 31 at 17.08.11 

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың басты міндеті.
🍀🍀🍀 1 мамыр🕊️ - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай ауданымызда төтенше жағдай жариялануына байланысты аудан бойынша жалпыұлттық сенбілік ұйымдастырылды.
Осыған орай, мектебіміздің ұжымы да экологиялық акцияға белсене қатысып,
“Үлкеннен өнеге” ұранымен мектеп ауласына гүлдер отырғызып,мектеп аймағында тазалау жұмыстарын жүргізді.
☘️☘️☘️ Тазалықты өзіңнен баста!

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.55 1 

Оқушылардың алғырлығын байқау,жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған «Миға шабуыл» атты көңілді қонырау🔔 барысы.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.55 

Оқушылардың алғырлығын байқау,жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған «Миға шабуыл» атты көңілді қонырау🔔 барысы.

WhatsApp Image 2024 05 31 at 12.01.23 

Достық деген – махаббат.
Алтын арай шапағат,
Болмас мінез жат, ағат;
Бірге туғандаймыз –
Достық деген әу бастан
Жақсылықпен жалғасқан,
Достық деген – ән дастан,
Қызық қуғандайымыз –
Достарым менің,
Шалқыта думандаймыз.

WhatsApp Image 2024 05 31 at 11.43.59 

Мектебіміздің тазалығын үнемі сақтап жүретін апайларымызға өз алғыстарын 8 сынып оқушылары осылай білдірді. Апайлар жүзіне күлкі сыйлап,ол кісілер де өздерінің баталарын беріп,оқушылар бір қуанып қалды.Жан-жағымызды қуантып жүрейік! ✅Тәрбие құндылықтары:
📝ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
📝АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
📝ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, жеке және командамен жұмыс істей білу, сыни және креативті ойлау.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.47 

Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы негізінде 3 сынып оқушылары “Құстарға ұя жаса” экологиялық акциясына өз үлестерін қосты.
🌿🍀☘️Мақсаты: жас өрендер бойына табиғатты қорғау, құстарға деген жанашырлық, қамқорлық, адамгершілік құндылықтарын сіңіру арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.28.02 1 

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай *“Бейбітшілік-ел тілегі”* атты 1️⃣,2️⃣ сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті.
Өткізген:Ермуханова Ә.А.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.28.08 

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-4 сынып оқушылары «Қазақстан-біздің сүйікті, ортақ Отанымыз» тақырыбында диктант жазды

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.28.09 1 

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай *“Бейбітшілік-ел тілегі”* атты 7️⃣сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті.
Өткізген:Ермуханова Ж.К.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.31 

“Бейбітшілік-ел тілегі”* атты 1️⃣сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті.
*Мақсаты:* ✅ 1️⃣- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу;
✅Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Кусакбаева Г.Б.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.35 

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-11 сынып оқушылары «Қазақстан-біздің сүйікті, ортақ Отанымыз» тақырыбында эссе жазды.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.37 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік», «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында өткен дәріске 8,10 сынып оқушылары қатысты.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.55 1 

Мектебімізде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📣🎒 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.
2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері.
Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.

📌 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді.

❗️ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.45 

Әр дүйсенбіде білім алушылар бойына “Ұлттық мүдде” құндылығын сіңіру мақсатында Мемлекеттік Гимн орындалады.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.38 

Оқушылардың шапшаңдығын, алғырлығын көрсету үшін ұйымдастырылған « Епті бол. Шапшан бол!» көңілді қоңырау барысы.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.38 1 

Оқушылардың шапшаңдығын, алғырлығын көрсету үшін ұйымдастырылған « Епті бол. Шапшан бол!» көңілді қоңырау барысы.

Ұйымдастырған: Мектеп психологі Туксамбаева А.М

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.39 WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.38 

Оқушылардың шапшаңдығын, алғырлығын көрсету үшін ұйымдастырылған « Өз кілтіңді тап! » көңілді қоңырау барысы.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.39 1 

Оқушыларды еңбекке, жауапкершілікке, ауызбіршілікке үйрету мақсатында сынып кабинеттеріне тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.41 

« Оқитын мектеп - оқитын ұлт «бағдарламасын басшылыққа ала отырып 23-ші сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай мектеп кітапханашысың ұйымдастыруымен, «Кітап - асыл қазына» тақырыбында іс-шара өтті. Кітап мерекесіне орай «Кітап - білім қазынасы» атты көрме қойылды. Мақсаты: кітап құндылығын дәріптеу, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту және үнемі жас оқырман тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.40 

Әр дүйсенбіде білім алушылар бойына “Ұлттық мүдде” құндылығын сіңіру мақсатында Мемлекеттік Гимн орындалады.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.43.47 

ОҚУШЫЛАР ҚҰСТАРҒА ҰЯ ОРНАТТЫ.

🐦🌿 Елімізде өтіп жатқан «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ» Республикалық акциясына орай,мектеп оқушылары құс ұясын жасап орнатты.
☘️Акция аясында оқушылар мектеп жанына құс ұясын ағашқа орнатып, табиғатқа қамқорлығын білдірді. Өйткені мұндай жылы әрі қонымды ұялар құстар үшін көктем мезгілінде аса қажет. Осылайша мектеп оқушылары қанатты достарына қамқорлық танытты.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 17.27.54 2 

Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары жалпы мектепшілік сенбілікке шықты.
🍀🍀🍀Таза табиғат- таза ауыл,
🍀🍀🍀Табиғатты қорғауды өзіңнен баста!

WhatsApp Image 2024 05 28 at 11.41.39 

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында 7сынып оқушылары “Оқитын адам - табысты адам” тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: оқу сауаттылығын арттыру, ойларын қағаз бетіне түсіру қабілеттерін арттыру.
Өткізген: кітапханашы К.Б.Накеш

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.44.40 

Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарды тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери қызмет беделін арттыру

WhatsApp Image 2024 05 28 at 11.26.53 

Қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.44.46 

 Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

 

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.06 1 

Жиренқопа орта мектебінің еріктілер клубының мүшелерінің күшімен ауыл айналысына “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Таза өлке” атауымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.

WhatsApp Image 2024 05 28 at 10.48.57 
“Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдауға 2024 жылдың 11 сәуірінде 2 ата-анадан өтініш келіп түсті.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.44.50 

Ауыл мектептеріне арналған “Мың бала” ұлттық зияткерлік олимпиадасының І кезеңіне 4 оқушы қатысты.

WhatsApp Image 2024 05 28 at 10.19.04 

2024 жылдың 29 наурыз күні мектебімізде 1-11 сынып ата-аналарымен “Атадан-өсиет,анадан-қасиет” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
✨Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣ III тоқсан қорытындысы.
2️⃣ Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары (қардың еруі,мұздақтардың құлауы,түнгі уақытта үлкендерсіз көшеде жүрмеуі,ата-аналардың рұқсатынсыз кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта көшеге шықпауын қадағалау,оқушылардың ұялы телефондарын ата-аналар тексеруін және бақылауда ұстауын назарға алу, т.б.с.с.).
3️⃣ Әр түрлі мәселелер.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.44.55 

“Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдауға 2024 жылдың 9 сәуірде 3 ата-анадан өтініш келіп түсті.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.44.56 

“Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдауға 2024 жылдың 8 сәуіріне дейін 3 ата-анадан өтініш келіп түсті.

WhatsApp Image 2024 05 28 at 10.02.13 

ЕЛ БІРЛІГІ- БІРЛІКТЕ. Бүгін Президенттің халыққа үндеуі жарияланды. Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Тосыннан болып жатқан су тасқынын жоюға бар күш біріктіріліп отырғандығын, барлық қиындық көрген отбасыларға материалдық көмектің көрсетілетіндігін айтты”. Барлығымызға белгілі Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны белең алып отыр. Осы қиын жағдайда ел іргесі шайқалмай өтуі, елдің ынтымағы өте маңызды. Осы сын сағатты барлығымыз бір ауыздан бірігуі арқылы жеңетініміз аян. Халықтың басына күн туғанда барлық елдің жаны ашитын азамат, азаматшалары қолдарынан келетін көмекті аямауы керек, соның ішінде біздің Жиренқопа орта мектебінің ұстаздары бей жай емес. Тарихтан белгілі қаншама қиын қыстау кезеңді жеңіп келгендігіміз, бұл кезеңді де ел болып жеңеміз! Күшіміз бірлікте, құрметті отандастар!
Тәрбие ісінің орынбасары: Шуайпова Дана Биржановна.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.06 

Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институты – қалыптасқан дәстүрлері, білікті мамандары және дамыған материалдық-техникалық базасы бар білім ордасы.
Жоғары оқу орнының түлектері кәсіби деңгейімен, сенімділігімен және рух күшімен ерекшеленеді. Нағыз жауынгер болғың келеді ме? Ендеше бізге оқуға кел!

Алматинский Военный институт Сухопутных войск – учебное заведение с устоявшимися традициями, квалифицированными специалистами и отличной материально-технической базой.
Выпускники вуза отличаются высоким профессионализмом, надежностью и силой духа. Открой для себя мир мужества и настоящего товарищества. Приходи учиться к нам!

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.10 1 

 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

💻 Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған»,- деп атап өтті орта білім Комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.

📌 Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, №052-2/у баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.11 

 

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.11 1 

ТҰРҒЫНДАРҒА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАДЫНАМА*

*Құрметті Қобда ауданының тұрғындары мен қонақтары!*

🔺Қауіпті аймақтарда су қоймалары мен су шайып кетуге бейім жерлерді мекендейтін тұрғындар аса сақтық танытқан жөн. Синоптиктер мен құтқару қызметтерінің хабарландыруларына құлақ асып, су тасқынына алдын ала дайын болулары қажет.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.12 

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Сыныппен оқимыз” оқу сағаттары жалғасын табуда. 4 сынып оқушылары

WhatsApp Image 2024 05 28 at 08.21.27 

Кітап оқу акциясы төңірегінде “Еркін оқу кеңістігі” тақырыбында балаларға оқып, түсінік айту сағаттары ұйымдастырылды

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.13 WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.14 

Мектеп кітапханасында “Әжемнің ертегілері” бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқу сағаттары ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.19 

Республикалық-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Оқуға құштар мектеп республикалық челленджі барысында Ақтөбе облысына Қ.Қайсеновтың “Жау тылындағы бала” кітабын оқуын ұсынған болатын. Жиренқопа орта мектебі кітапханасы челленджі қабыл алып, ұсынылған кітапты оқуды бастады.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.19 1 

23 наурыз – Тазару күні

«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі.

Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.

Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.22 WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.26 

22НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

 Құрметті әріптестер,ата-аналар және оқырмандар ! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

💐Наурыз мейрамы - Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.
🌞Жыл басы - Наурыз күн мен түннің теңелер шағы ғана емес, символдық мәні бар үлкен мереке саналады. Барлық бастаманы, ұлы істі ырымшыл халқымыз осы күні бастаған.

🌍Жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз елдің береке-бірлігін бекемдейтін, еңсесі биік елдікті білдіретін, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

🐄Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
🤲Бұл мереке сіздерге шуақты күндер мен жағымды сәттер сыйласын. Шаңырақтарынызға құт-береке төгілсін, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыларыңызға- амандық, денсаулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
_________________________
🏢Құрметпен,Жиренқопа орта мектебі.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.29 

21 наурыз – Ынтымақ күні

Бұл күннің идеясы – халықтың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.

 

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.29 1 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16 бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын құжаттар тізімімен таныстыру үшін директордің оқу ісі жөніндегі орынбасары Идирисова Жарқынай Нуртановна ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.32 1 

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!

WhatsApp Image 2024 05 15 at 19.45.33 

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Әз Наурыз келіп, әлемге табиғат жылы шуағын жайыпты.
Күн күліп, адамдар әдемі мейірімге бөленді.
Түркі тілдес халықтардың ортақ жаңа жылы – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз!
Сынып жетекшілері: Ермуханова Ж.К.
Сағынов А

WhatsApp Image 2024 05 16 at 16.55.13 

“Наурыз - жыл басы” жаңару айы, көктем жаршысы. Оқушылардың Ұлы мереке Наурыз мейрамы жөніндегі түсініктерін қалыптастыра отырып, халқымыздың салт -дәстүрлерін бойына сіңіру арқылы ұлтжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде Наурыз мерекесіне орай мектебімізде “Наурыз думан” атты мерекелік шара болып өтті. Іс-шараға ата-аналар, мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене қатысты.

Ұйымдастырушылар: Бастауыш сынып жетекшілері.

WhatsApp Image 2024 05 16 at 16.34.19 

Мектебімізде 17 - наурыз “Шаңырақ” күніне орай “Баталы бала” атты оқушылар арасында бата айту сайысы ұйымдастырылып, ауылдың үлгілі аталарын шақырып бата алып, насихаттау жұмысы жүргізілді.
⚜️⚜️ Наурыз айы жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады.
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Ата-бабаларымыздың өсиет-намасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.
Ұйымдастырушы: Кусакбаева Г.Б

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.37 1 

 

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.37 

19 наурыз-Жаңару күні.
“Наурызнама” онкүндігіне сәйкес 19 наурызда Қазақстан халқы “Жаңару күнін” атап өтеді. Мектебіміздің оқушылары гүл егу дәстүрін жалғастыруға белсене қатысты.

Осы күні барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі гүл, ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.36 1 

Бүгін, 19 наурыз — Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі қарсаңындағы Наурызнама онкүндігі аясындағы “Жаңару күні”

🌱 Қазақ халқы ежелден Наурыз мерекесін жаңару мен жандану мерекесі ретінде тойлаған. Қыс құрсауынан оянған табиғат, қыстан аман шыққан ел-жұрт Жаңа күнмен бірге жанданған Жер анаға ризалығын білдіріп, бұлақ көздерін ашқан, жақсылық пен жаңа өмір нышаны ретінде ағаш көшеттерін отырғызған.

🌳 Осы бір ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлер қазір де өз жалғасын тауып, еліміздің көп бөлігінде Наурыз күндері ел ағайын ағаш көшеттерін отырғызады.

✨ Әрине, біздің Шығыс өңірі мен Солтүстік Қазақстан аумақтарында ауа райының ерекшелігіне байланысты ағаш көшеттерін отырғызуға әлі ерте болса да, Абай Елі де бүгінгі Жаңару күнін ерекше ықыласпен қарсы алуда. Шуақты күндері жер қойнауына отырып, көктей өсетін қаншама ағаш көшеттері тәлімбақтарда өз кезегін күтуде.

🌷 Бүгінгі Жаңару күнін — жаңа өмірге қадам басатын, ниет-тілектерімізді жаңғыртатын, жаңа ойлармен, арман-ма|саттармен жаңа өмірге, жаңа күнге қадам жасайтын жақсылық бастауы ретінде қабылдайық, достар!

✨ Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.36 

18 наурыз- “Ұлттық киім” күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық киім” керуеніне мектебіміздің 5,6 сынып оқушылары қатысты.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.35 1 

18 наурыз- Ұлттық киім күні.
”Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты”, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

⚜️Тәрбие құндылықтары:

📝ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
📝АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
📝ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, жеке және командамен жұмыс істей білу, сыни және креативті ойлау.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.35 

17 наурыз - “Шаңырақ” күні

Шаңырақ - қазақ үйінің жүрегі, жайлылықтың, отбасылық жылулық пен бірліктің символы.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.34 WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.34 1 

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
Наурыз мейрамы мерекесі қарсаңында мектебіміздің 2, 3 сынып оқушыларына "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай
"Амал келді-жыл келді" атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында халқымыздың наурыз мерекесі туралы, салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары ұлттық ойындары, ұлтымыздың құнды мұрасы туралы әңгіме айтылып, «Армысың, Әз Наурыз!» атты кең көлемді көрме таныстырылды. Көрмеде наурыз тойының мазмұнын мен мәнін ашатын, қазақ халқының салт – дәстүрлері, әдет – ғұрпы мен қол өнері, ұлттық тағамы, ұлттық ойындары туралы ақпараттар беріліп көрсетілді.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын- сауықтардың бір түрі, ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізі салуы, бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болғаны жайында оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені түсіндірілді.
Ұлттық ойындар –
ата – бабаларымыздан таралған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Сонымен қатар балалармен ұлттық ойындар «Білектесу», «Арқан тартыс», «Иық тіресу», «Асық» ойындары ойнатылып, дайындалған ақ дастархан дәмінен ауыс тиді.
Ұйымдастырған: Утенова Қ.А.
Ермуханова А.А.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.33 

Наурыз мерекесіне орай ұлттық құндылығымызды насихаттау бағытында мектебіміздің тәрбие жоспары бойынша ашылған “ Өнеге Әжелер мектебі” мектебіміздің жасөспірім қыздарына “Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер” тақырыбында өнегелі тәрбие шарасы өткізілді.Шарада “Өнеге әжелер” мектебінің мушесі Курманова Айгүл апай қатысып,
оқушыларымызға,ұлттық салт дәстүріміздегі ұлттық ою өрнегіміздің шығу тарихымен,жасалу жолдарын түсіндірді.Шараға оқушылар әдемі ұлттық киім үлгілерімен келіп өзіндік тәрбиелік мәні бар,рухани азық қорын жинады деп ойлаймыз. Өнегелі әжеден үйренер ізгі өнер, ұлттық құнды дүниелер мол екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұйымдастырған:
Жуканова Ж.К.
Манашева Г.Н.
Кусакбаева Г.Б

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.30 1 WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.30 

“Наурызнама” тұжырымдамасы бойынша 15- наурыз Қайырымдылық күніне орай ауыл әкімі Манашев Амандык және Жиренқопа орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Сатубалдиев Исламғалидің қолдауымен, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасалып, азық - түлік пакеті берілді.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.28 

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау білім беру және спорт салаларында 91 млрд.теңге көлемінде 80 нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды.
Білім беру саласында негізгі жобалар болып "Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру " сияқты жобалар бар.Бұл жобалардың ішінде "Жаздық жолдама" жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге,дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды.Біздің мектепке 3 жолдама тиесілі болды.
💫💫💫💫💫💫💫💫💫
Сертификатты Жиренқопа ауылдық округінің әкімі Манашев Амандык Бахтыбаевич мектеп директорының м.у.а. Сатубалдиев Исламғали Нурболатовичке табыстады.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.25 

Амал мерекесі құтты болсын!
⚜️⚜️⚜️Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары амал мерекесін қарсы алды.🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷
14 наурыз-Көрісу күні.Бұл күнді амал мерекесі деп те атайды.Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп,бір-біріне амандық-саулық тілейді.
Халқымыз қыстан аман шыққанына қуанып,құттықтап,мерекелетеді.Үлкенге сәлем беріп,батасын алып дастархан жаяды.
Амал күні сіздерге амандық-саулық,құт-береке және зор денсаулық әкелсін.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.23 

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 1 сынып оқушылары арасында *_”Ана-өмірдің шуағы”_* атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мақсаты:
✅Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру;
✅Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: Кусакбаева Г.Б.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.22 

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 4 сынып оқушылары арасында *_”Ана-өмірдің шуағы”_* атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мақсаты:
✅Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру;
✅Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Сынып жетекшісі:Дюсенбаева Г.Н.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.21 

Мемлекет басшысының
тапсырмасына сәйкес Министрлік психологиялық,
қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-
психологтардың жұмысын жандандыру бойынша
жұмыс жүргізуде.
Бүгінде еліміздің 11 өңірінде өңірлік психологиялық қолдау бөлімдері-орталықтары ашылған, онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет
болған жағдайда көмек сұрай алады. Бұл
орталықтар қиындыққа тап болған балаларға кәсіби көмек көрсетеді, сондай-ақ олардын ата-аналарына қолдау мен кеңес береді.
• Жыл соңына дейін қалған облыстарда да
орталықтардың, ашылуын аяқтау жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.10 

Республикалық-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Оқуға құштар мектеп республикалық челленджі барысында Ақтөбе облысына Қ.Қайсеновтың “Жау тылындағы бала” кітабын оқуын ұсынған болатын. Жиренқопа орта мектебі кітапханасы челленджі қабыл алып, ұсынылған кітапты оқуды бастады.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.09 

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
Қайырлы күн,қымбатты аналар,ұстаздар,арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағы сыйлайтын 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, осы мерекеге арналған мерекелік кешімізден шағын бейне үзіндіні ұсынамыз.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.06 

Мектебіміздің 9 сынып оқушылары *8 Наурыз*
мерекесіне орай мектеп ұстаздарына,қыздарға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында креативті видеоролик дайындады.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.03 

⚜️Мектебіміздің 2 сынып оқушыларының 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай арнаған құттықтауларын қабыл алыңыздар!🫶💕
Сынып жетекшісі: Ермуханова А.А.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.02 1  

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 5,6 сыныптар арасында *_”Ана-өмірдің шуағы”_* атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
✅Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру;
✅Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Сынып жетекшілері:
Накеш Ж.К.
Тасмағамбет А.Н.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.02 

”ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ - ҚАЗЫНАСЫ БАР”🌟 ✨✨✨ Біз әуелден «Қариясы бар ел - қазынасы бар ел» - деп, ақсақалын ардақ тұтып, қарияларын қадірлеп, даналық дәрістерін көңілге тоқып, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келеміз. ⚜️ Тату тірлігіміз бен ұлттық ұлағатымыздың тұмарындай болған қарттарымызды болашаққа алған бағытымызға бағдар етіп, өмірлік бай тәжірибесін елдің еңсесін тіктеп, елімізді өркендетуде жұмсаудамыз. 🎊 Өмір көрген ардақтыларымыздың ақылын алып, кемел келешекке батыл қадам жасап, тәлім-тағылымдарын өнегеге айналдырдық. 🎉 Өнеге жақсы болса, өріс кеңейеді деген. 🎈 Еліміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз ел жадында. 💡 Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, тыныс алмай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі.
⚜️Мектебімізде үлкенге құрмет,сыйластық көрсетуге баулу мақсатында “Әжелер мен келіндер” сайысы өткізілді.
⚖️ Үлкендеріміздің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс білдіреміз.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.01 

6 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7,8 сынып қыздары арасында *_”Қыз-ұлт болашағы”_* атты сынып сағаты өтті.
Сонымен қатар барлық қыздар аналарына құттықтау тілектерін арнап,мерекелік хат жолдады.
Сынып жетекшілері: Ермуханова Ж.К.
Сағынов А.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.00 1  

“Анашым, анашым,аман жүрші,
Біздердің бағымызға.
Жүзіңнен нұр төгіп жүзге келші
Жадырап жанымызда” ...-дегендей, бүгінгі 10-11 сыныптың “Жан ана” атты мерекелік тәрбие сағаты аяулы аналарымызға арналды. Жүректен шыққан ерекше сезіммен айтылған оқушылардың арнаулары, әсем әуен аясында орындалған әндері, жылы лебіздер, қызықты ойын, естелік сыйлықтар...бәрі-бәрі бүгін тек аналардың құрметіне арналды.
Сынып жетекшілері: Жуканова Ж.К.
Манашева Г.Н.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.25.00 

Ағымдағы жылдың 4 наурызында мектебіміздің 3 сыныбында “Ана-өмірдің гүлі” тақырыбында мерекелік ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Утенова Қ.А.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.24.59  

 МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, НӘЗІК ЖАНДАР!

🌺 Жиренқопа орта мектебі” КММ-нде отбасы құндылықтарын сақтау, ана мен қыз бала арасындағы байланысты жандандыру мақсатында “Аналар” клубының және “Қызғалдақ “ қыз балалар ұйымының ұйымдастыруымен “8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ” мерекесіне орай “ӨНЕРЛІ ҚЫЗ, ӨНЕГЕЛІ АНА” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.

🌺Ұйымдастырған: Утенова Қ.А.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 17.46.51 WhatsApp Image 2024 05 12 at 17.45.43  

Педагог-бұл кәсіби шеберлікті арттыру бойынша тұрақты жұмыс жасайтын маман.
Педагогті аттесттау-бұл дағдылар мен дағдыларды меңгерудің нақты деңгейін көруге мүмкіндік беретін құрал,тиімді ұйымдастыру үшін қажетті оқу үдерісі.
Қазақстанда педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері білім беруде сапаны арттырудағы маңызды қадам болды.Олар мұғалімдердің нақты құзіреттерін анықтауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған.Бағалау процесі нақты бағалау критерийлерін қолдану арқылы обьективті, ашық болады.Бұл мұғалімдердің жетістіктерін әділ бағалауға, бәсекелестікке мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аттестаттау ережелеріне енгізілген өзгерістер аттестаттау рәсімін жеңілдетеді, мұғалімдердің бюрократиялық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.Бұл оқытудағы негізгі нәрсеге назар аударуға мүмкіндік береді.Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері-мұғалімдердің біліктілігін арттыруға,білім беру сапасын жақсартуға және мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 22.51.10  

Мектебімізде алғыс айту күніне орай 5,6 сыныптарда “Алғыс айту парызым” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⚜️Мақсаты:
✅Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
✅Алғыс айтуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Тасмағамбет А.Н.

WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.24.58 WhatsApp Image 2024 05 12 at 18.24.58 1  

Мектебімізде 2024 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай 3 сыныпта «Алғыс айту парызым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⚜️Мақсаты:
✅Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
✅Алғыс айтуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Утенова Қ.А.

IMG 20240505 135217 

1-ші наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп кітапханасында “Бізден алғыс” тақырыбында іс-шара өтті.
📓Мақсаты: Мереке қарсаңында ұстаздарға алғыс білдіре отырып, кітапхана атынан сый-құрмет көрсету.

IMG 20240505 135157 

Мектебімізде 2024 жылдың 1 наурызында сағат 11.00-де “Жер -2024” оқу-жаттығу шеңберінде жалпы мектепшілік сейсмикалық жаттығу өткізілді.
⭕Сейсмикалық жаттығуға мектеп қызметкерлерімен қатар 1,5-11 сынып оқушылары қатысты.
⭕Жаттығу мақсаты:
Оқушыларды төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларына үйрету;
Мектеп алаңына АӘД пәнінің мұғалімі Н.К.Клютовке сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады.
⭕Мектебіміздегі “Жас құтқарушылар” тобының қатысуымен апатты жағдай кезіндегі “Менің іс-әрекетім” атты жаттығу көрсетілді.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.23  

Мектебімізде 2024 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай 4 сыныпта “Алғыс айту парызым” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⚜️Мақсаты:
✅Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
✅Алғыс айтуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Дюсенбаева Г.К.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.26 

 Мектебімізде 2024 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай 7 сыныпта “Алғыс айту парызым” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⚜️Мақсаты:
✅Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
✅Алғыс айтуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Ермуханова Ж.К.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.25  

Алғыс айту парызым!!!
⚜️Алғыс айту күні құтты болсын!!!!!

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.28  WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.22 

1 Наурыз - Алғыс айту күні, «Бала және театр» жобасы аясында
🪷Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
☘️Әкеге – қорған болғаны үшін,
🍃Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
🌿Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
🌞Күнге – шуағы мен назары үшін,
💫Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
✨Жерге – ұшатын теңіз құнары үшін,
🔥Отқа – жылулығы үшін...
💥Досқа – құшағы мен иығы үшін,
мектебіміздің 1 сынып оқушылары ертегілер әлеміне саяхат жасап,өлең-жыларымен алғыстарын жеткізді!
Ұйымдастырған: Кусакбаева Г.Б.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 16.14.31 

Сіздерді Жиренқопа орта мектебі 1 НАУРЫЗ- Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Алғыс айту күні-сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Сондықтан айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің,бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.24  

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 1 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджіне қатысты.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.27 1  

Көктемнің алғашқы күнімен келіп,көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке- Алғыс айту күні.
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Алғыс айту-жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз.Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады.Сондықтан күн сайын,тіпті сағат сайын әр түрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас.
💐💐💐💐💐💐💐💐
3 сынып оқушыларының шынайы ізгі алғысы.
Сынып жетекшісі: Утенова Қ.А.

 WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.28 1  

Ақтөбе облысының білім басқармасының 2024 жылдың 22 қаңтардағы #№01-03/219 қатынас хаты негізінде 2024 жылдың 28 ақпан күні Отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы Жиренқопа орта мектебінде ЗУМ арқылы Отбасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында кездесетін жайттармен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері,психолог Байдуашова Сандигуль Базаркуловна, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бауыржан Альменович, “Жиренқопа ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-сі бас маманы Қыстаубай Назерке, мектеп тәрбие ісінің орынбасарының қатысуымен оқушылармен кездесу өтіп, өз пікірлерін ортаға салып талқылады.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.16 

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 2 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджіне қатысты.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.21  

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 3 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджге қатысты.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨

  

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.23 1  

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 5 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджге қатысты.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.23  

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 4 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджіне қатысып, сынып жетекшілері Дюсенбаева Гульдина Кусаиновнаға алғыстарын жолдады.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨

WhatsApp Image 2024 03 01 at 14.44.26 1   

«1 наурыз - Алғыс күні» мерекесіне орай 7 сынып оқушылары «Алғысым шексіз бәріңізге» атты челленджге қатысты.

✨Айналамызда бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!

 
                     ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
                                                  balatili.kz 1 2 Opera Снимок 2022 06 16 000255 termincom.kz c plbr