Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.4 сыныпҰйымдастырушы: Кусакбаева Г.Б.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.1 сыныпСынып жетекшісі: Кусакбаева Г.Б.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.5,6 сыныптар.Ұйымдастырған: Накеш Ж.К.Тасмағамбет А.Н.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні 2,3 сыныптар арасында еліміздің тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік күні» атты тәрбие сағаты өткізілді.?Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,Бізге оны ешкім аяп бермеді.Тәуелсіздік-Кайрат, Ләззат, Ерболдың,Тас көшеде, тас-талқан боп өлгені.Сынып жетекшілері: Утенова Қ.А.Ермуханова А.А.
Мереке құтты болсын,ҚАЗАҒЫМ!Туымыз әрқашан биікте болсын!Еліміздің болашағы балаларымыз аман болсын!?БАЙРАҒЫ БИІК-ҚАЗАҚСТАН??”Ақпараттық дайджест”
Мектебімізде 15 желтоқсан күні 7 сыныпта 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағаты өтті.Мақсаты:✅Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру✅Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.✅Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру.✅ Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.✅Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құңдылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.✅Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Отанды сүюге және ерлікке баулу.✅Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту,өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сынып жетекшісі: Ермуханова Ж.К.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мектебіміздің 10,11 сыныптарында “Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.?Мақсаты:☑️Оқушыларға Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұтуға, өнеге алуға және тарихын білуге тәрбиелеу.Сынып жетекшілері:Жуканова Ж.К.Манашева Г.Н.
Мектебімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ?️қоңырау уақытында интеллектуалды ойын өткізілді.?Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру.Оқушыларды өз елін сүйіп құрметтеуге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу.
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні! Барша қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған,дүниедегі теңдессіз күн-Тәуелсіздік күні құтты болсын!⚜️Тәуелсіздік-жүздеген жылдар бойына жанкештілікпен,қайсарлықпен жүргізілген қанды шайқастардың,қазақтың қанымен,көз-жасымен келген аяулы да,ардақты,екі дүниедегі баға жетпес байлығымыз!⚜️Тәуелсіздік-қайта өмірге келу.Жаңғыру.Ұлттық ояну.Тәуелсіздіктің бағасына жетіп,оны аялай білу.⚜️Біз-ең бақытты ұрпақпыз! Және азаттық үшін ғазиз өмірін күреспен өткеріп,ұлтының бостандығы үшін мерт болған ардақты Алаш ұрпақтарына мәңгілік қарыздармыз.Сол үшін де Тәуелсіздікті сақтау мен қорғау,оған аянбай еңбек ету-біздің және болашақтың мәңгілік міндеті.Қасиетті парызы.
? АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!??Білім беру ұйымдарында жел жылдамдығын еске ала отырып, көрсетілген шекті температурада сабақты өткізу тоқтатылады.
Мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 5,6,7 сынып ата -аналарымен“ Баланың бас ұстазы- ата-ана.Позитивті тәрбие” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.⚡Мақсаты:1️⃣Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері.2️⃣Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті - қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету.3️⃣ Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез -құлық қасиеттерін дамыту.4️⃣ Позитивті тәрбиенің прициптері мен ережелері. Позитивті тәрбиенің ұлттық бастаулары.5️⃣Ата- ананың позитивті тәрбие нәтиежесіне қанағаттануы және психологиялық саулық.?️Тренинг тақырыбына сәйкес презентациялар,таратпа материалдар ұсынылды.⏭️Ұйымдастырушы сынып жетекшілер:Тасмағамбет А.Н.Накешова Ж.К.Ермуханова Ж.К.
“СЕН ЖАНБАСАҢ ЛАПЫЛДАП...Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?”????Мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті жоспарына сәйкес 10-11 сыныптар ата-аналарымен сабақ өткізілді.Сабақтың тақырыбы: “Сен жанбасаң лапылдап...Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?” атты ата-аналармен ақпараттық сабақ өткізілді.?Мақсаты: Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана мен жетекшісінің тығыз байланысы маңызды екенін түсіндіру.Кездесу барысында ата-аналар тренингтерге тапсырмалар мен ойындарға қатысып, белсенділік көрсетті.♦️Баланың шырағын жағу ұстаздар қауымының міндеті болса, соған жағдай жасап, жайлы ықпал жүргізу ата-ананың міндеті деген өз пікірлерімен толықтырды.♻️Ұйымдастырған: Жуканова Ж.К.Манашева Г.Н.
Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың міндеті.
Қобда аудандық білім бөлімі кәсіподақ ұйымы төрағасы- Ибраев Қуанышкерей Жолаевич пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы- Алдрабекова Назипа Таумановна мектебіміздің ардагер ұстаздарымен,мектеп мұғалімдерімен “ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ -ҰЛЫЛЫҚ,ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП!” атты кездесу отырысын өткізді.?Кәсіподақ төрағасы-Қуанышкерей Жолаевич ардагер ұстаздарымыз Сәнімжан Сагеновна,Даржан Қазбековнаны Қ.Р. Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттады.♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️Ардагер ұстаздар өскелең ұрпаққа өздері жүріп өткен еңбек жолдарымен бөлісіп,жақсы бір отырыстың себепкерлері болды.?Білім нәрімен сусындатып,талай ұрпақты өмірге қанат қақтырған ұлағатты ардагер ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!????
Қобда аудандық мәдениет үйі “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Рухани қазына” кіші бағдарламасы аясында М.Жұмабаевтың 130 жылдығына ұйымдастырылған аудандық “Жырлайды жүрегім жақсылықтықты” атты ақындар жырмүшәйрасында мектебіміздің 9 сынып оқушылары Рахметолла Перизат пен Мумбасов Исламбек алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Жетекшісі: Дарига ИсенгельдовнаОқушыларымызды және жетекшісін құттықтаймыз.
2023 жылдың 6 желтоқсанында “Жиренқопа орта білім беретін мектебі” КММ-де “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” ашылу салтанаты өтті.Орталықтың мақсаты: Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата- аналарымен қарым- қатынасын күшейту, сондай- ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.Қобда аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы- ИБРАЕВ ҚУАНЫШКЕРЕЙ ЖОЛАЕВИЧ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы-АЛДРАБЕКОВА НАЗИПА ТАУМАНОВНА орталықтың ашылуына сәттілік тілеп, мектеп директоры- САТУБАЛДИЕВ ИСЛАМҒАЛИ НУРБОЛАТОВИЧ ата- аналарды орталыққа бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Мектебіміздің ардагер ұстазы- НАКЕШЕВА СӘНІМЖАН САГЕНОВНА мектеп, оқушы, ата- ана байланысының нығаюына тілектестігін білдірсе, ДТІЖО ШУАЙПОВА Д.Б.орталықтың мақсатын, міндетін, жоспарын баяндап шықты.?????????“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” кабинетінің лента қию құрметі ҚУАНЫШКЕРЕЙ ЖОЛАЕВИЧ, ардагер ұстаз- СӘНІМЖАН САГЕНОВНАҒА берілді.Игі отырыс қонақтарымыздың ақ батасымен жалғасын тапты.
Бүгін Республикалық «Алтын түлек»математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне Жиренқопа орта мектебінің 11 сынып оқушылары Апиев Тамирлан мен Сұлтанов Нұрлыбек қатысты. Сұлтанов Нұрлыбек Алғыс хатпен марапатталды.Жетекшісі: Жансерик Амангельдыевич
Өткізу қағидаларына сәйкес мектебіміздің оқушылары 13 пәнбойынша (жаратылыстану-математикалық, бағыттағы 6пән, коғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) ауыл олимпиадасына қатысты. Олимпиада «бір компьютер - бір оқушы - бір камера» кағидаты бойынша өтті
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ♦️♦️♻️Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы - ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы.✅Мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” өз жұмысын бастады.Олардың ең бірінші басымдығы-балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту,бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту.АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ♦️♦️? Жиренқопа орта мектеп ұжымында “Ата-аналарды қолдау орталығы” ұйымдастырылып, өз жұмысын бастады.? Мектепшілік ата-аналар жиналысында “Ата-аналарды қолдау орталығының” жұмысы таныстырылды.?”Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жанынан “Даналық мектебі де өз жұмысын бастады.Мұның аясында “Ата өсиеті”,”Әже даналығы”,”Әке қамқорлығы”,”Жеңге кеңесі” сынды шаралары ұйымдастырылып, түрлі қауымдастық құрылды.БҰЛ ЖҰМЫСТАР ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОСПАРҒА САЙ ӨТКІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ.
2023-2024 оқу жылында Жиренқопа орта мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды. Мақсаты:•Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету;•Білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту; •Отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыр
13.11.2023 күні мектеп оқушыларына «Интернеттегі алаяқтық» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қараша айының басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және барлық білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы жүргізуді үйрету мақсатында мектеп директоры Ұ.С.Жарылғапова мектебімізде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Ұйымдастырылған еркін күрестен әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды:1 орын – ?Голик Виктор,Мендеев Алихан,Сатубалдиев Ахмет.2 орын – ?Жумабаев Турланбек.3 орын -?Қуандыков Жандәулет,Шегебаев Әли,Рахметолла Әміржан,Мумбасов Анарбек,Мумбасов Сұлтанбек,Шегебаев Исламбек.ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мектебімізде қараша айының 25-26 күндері ауылымыздың жанашыры,мектебіміздің демеушісі- ШАРИПОВ МАРАТ АЙТҚАЛИҰЛЫНЫҢ 60 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ аталып өтілді.