Ағаш отырғызу - сауапты іс
🌳🌳🌳Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.
🌳🌳🌳Себебі, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
🌳🌳🌳Бұл бағыттағы дәстүрге айналған тал егу акциясына 2024 жылғы мектеп түлектері үлестерін қосып,мектеп ауласына 10 дана жас тал көшеттерін (шие,қара өрік) түп ағашын отырғызды. Жылда өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту,көгалдандыру, мектеп ауласын жасыл желекке айналдыру, алтын ұя мектебінің жанында өз іздерін қалдыру.