Жаңалықтар

Үздік оқушылар

Накеш Айша Әлібекқызы
Алдашева Аянат Серікқызы
Ерекеев Бақтыбай Бахитжанұлы
Мумбасов Исламбек Әлібекұлы
Рахметолла Перизат Айбекқызы
Накеш Құралай Әлібекқызы
Уразбекова Алина Болатовна
Ерлік Айгерім Закарияқызы
Исламғали Айару Мәдиқызы
Ерекеева Фариза Бахитжанқызы
Тұрсынғали Үміт Әлібекқызы
Саинова Кәусар Серікқызы
Исламғали Инабат Мәдиқызы
Жумабаев Турланбек Сапаргалиевич вич
Сатубалдиев Ахмет Исламғалиұлы
Ерлік Мадина Закарияқызы
Исламғали Парасат Мәдиұлы

WhatsApp Image 2022 09 30 at 07.45.57

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады. Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет. Акция биылдың 2 қазанына дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

309091459 193050216500428 3757521529425836999 n

2022 жыл - “Балалар жылы” аясында “Көңілдің гүлі, көздің нұры-балалар” атты мерекелік балалар фестивалі өткізілді.
Фестивальға дарынды, өнерлі, спортшы оқушылар қатысты.
Жиренқопа орта мектебінен 10 класс оқушысы Алдашева Аянат - “Елбасы медалі” жобасының қола медалі иегері атанып, 11 класс оқушысы Жумабаев Аян- спорт саласынан үздік көрінгені үшін марапатталды. Оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Оқушыларымыз биіктен көріне берсін!!!

309322456 408314101381362 3048342462073005145 n

2022 жыл - “Балалар жылы” аясында “Көңілдің гүлі, көздің нұры-балалар” атты мерекелік балалар фестивалі өткізілді.
Фестивальға дарынды, өнерлі, спортшы оқушылар қатысты.
Жиренқопа орта мектебінен 10 класс оқушысы Алдашева Аянат - “Елбасы медалі” жобасының қола медалі иегері атанып, 11 класс оқушысы Жумабаев Аян- спорт саласынан үздік көрінгені үшін марапатталды. Оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Оқушыларымыз биіктен көріне берсін!!!

309011513 1170233030237004 3371191639920473680 n

Қобда БЖСМ-нің оқу топтары арасындағы жалпы дене тәрбиесі бойынша ашық біріншілігінде гимнастика (арқасымен жатып кеудені көтеру), орнынан ұзындыққа секіру және 500м жүгіруден Ирзакулова Медина ІІ орын,
Қуанбаева Гүлсана ІІІ орын иеленді.

Жетекшісі: И.Н. Сатубалдиев

Құттықтаймыз!

309031100 2744382689031419 496440971751367945 n

мектепшілік кезең

308721950 158469953469294 8694187792190204705 n

Мектеп парламентіне үміткер оқушылар: Алдашева Аянат, Апиев Тамерлан , Накеш Айша , Жумабаев Аян. Дауыс беру нәтижесінде Алдашева Аянат 80 ұпаймен мектеп парламенті болып сайланды.

308902594 156413143687334 931639725270196208 n

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Қобда ауданында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Қазақстандық қоғамдық даму институты” КеАҚ “Балалар жылы” шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында балалар байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға мектебімізден 3 кл оқушысы Біржан Айзат, 5 кл оқушысы Ерикеева Фариза, 8 кл оқушысы Мумбасов Исламбек, 10 кл оқушысы Алдашева Аянат қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
1. Алдашева А. - ІІІ орын
2. Мумбасов И. - ІІІ орын
3. Ерикеева Ф. - Алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз!

308376348 502545711249386 5454267996835754964 n

Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай - ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында мектеп парламентіне үміткер оқушыларды сайлау жүргізіледі.

308174493 1095904157717959 8815747976280735542 n

сенбілік шаралары

308346062 650741593036088 7351048411152147110 n

307835371 627083228822201 4650165037725379734 n

19 қыркүйек күні 9-10 сынып оқушылары арасында өткен "Менің шағын Отаным" байқауының аудандық кезеңіне Жиренқопа орта мектебінің 9 класс оқушысы Орынбасар Ербол мен 10 класс оқушысы Алдашева Аянат қатысып, " Менің кішкентай Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Алдашева Аянат жүлделі 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Жетекшісі: Манашева Г. Н.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

307638561 1145133906091500 8341414609459703646 n

“ЖАРҚ ЕТПЕЙМІЗ, ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!” Құрметті, Жиренқопа орта мектебінің 6-10 класс оқушылары! Егер сіз өз ойыңызды ашық айтып, әрі еркін түрде жеткізгіңіз келсе, жаңа ортамен танысып, жаңа алаң құрғыңыз келсе, өз пікіріңізді дәлелдегіңіз келсе, сіздерді біз өз клубымызға шақырамыз!!! “Ойдария” дебат клубы ДӘЛ СІЗДІ күтеді. Дебат жетекшісі: Іңкәр Жайыққызы.

307590096 481721723836942 7862508611601785006 n

Мектебімізге жыл бойы қамқорлық пен қайырымдылыққа толы болғандығы көңілге мейірім ұялатады. “Жанашырлыққа жан риза” демекші, демеушіміз ауыл амбулаториясының бас дәрігері- Ерекеева Марзия Жумагуловнаға мектебіміздің ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

307433908 638167371041135 6467402719579563947 n

Мектебімізде “Мектепке жол” республикалық акциясы жалғасын табуда. Акцияға ауылымыздың шекара бекетінің қызметкерлері атынан 80 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қамқорлық кеңес комиссия мүшелерімен шешім қабылданып, жиналған қаржыға толық емес отбасының 2 баласына спорт киімдері, аяқ-киім, оқу құрал жабдықтары алынды. Жалпы жұртшылыққа жүрек жылуын сыйлап істеріміз көп болғай! Қамқорлық танытып, балаларға қуаныш сыйлаған абзал жандарға алғысымыз шексіз.

306814333 749464252783087 4976098680782419233 n

“Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік стандартына сәйкес биыл 2022-2023 оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен 23 бала қамтамасыз етілді.
Бракераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен мектеп асханасы тексерілді.
Тексеріс барысында мынадай мәселелерге назар аударылды:
1. Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын, оның мәзірге сай дайындалуын тексеру.
2. Тамақ өнімдерінің сапасын тексеру.
3. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орнын және дезинфекцияның болуын тексеру.

305566058 5741441112556918 2171476046626868736 n 1

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауы мен "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ "Балалар жылы" шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында аудандық балалар байқауы өткізіледі. Байқаудың І -кезеңі ( аудандық) 15-25 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Байқаудың ІІ -кезеңі (облыстық) 5-15 қазан аралығында өткізіледі. Байқаудың ІІІ- кезеңі (Республикалық) 1-15 қараша аралығында өткізіледі. Нәтижесінде І,ІІ, ІІІ- орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және сыйлықтармен марапатталады. Байқауға Қобда аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.

305224084 615621273536581 2649545084963231718 n

5 қыркүйек “Тілдер” мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық “Тіл- тірегі елімнің” атты ақындар мүшайрасына Жиренқопа орта мектебінің 9 класс оқушысы Нұрпейіс Сабина қатысып, “Мақтау қағазын” иеленді. Құттықтаймыз!

Ахмет Б

Бүгін мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жалпықазақстандық ашық диктант жазу ұйымдастырылды.
“Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы” тақырыбымен өткізілген іс-шараның мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Диктант жазуға 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Жауапты мұғалімдер: Д. Б. Шуайпова, І.Ж.Нұрпейіс.

Шарипов1

Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай "Бар мейірім балаға" атты ұранымен: Көп балалы отбасы; Аз қамтылған отбасы; Толық емес отбасы балаларына демеушілік тарапынан қолдау көрсетілді.

?Қобда аудандық білім бөлімі 2 оқушыға сумка ,оқу құралдарын;

?Аудандық депутат: М.А.Шарипов 10 оқушыға сумка мен оқу құралдарын;

?Ақтөбе облысының депутаты Арман Есенжолов 1 оқушыға мектеп формасы, костюм, туфли, спорттық киім, кроссовка, оқу құралдары және смартфон сыйға тартты

?Кең жүректі ағаларымызға зор денсаулық, еңбектерінің табысты болуларына игі тілек жолдай отырып, шексіз алғысымызды білдіреміз.

302451660 796101104850974 3989321835803334595 n

Бүгін сағынышқа, шаттыққа толы «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!

301889811 483777679863303 3587027061525996470 n

 Конституция күні құтты болсын

 WhatsApp Image 2022 09 16 at 13.49.11

 Акцияға қолдау көрсетіп, демеушілік еткен Жиренқопа шекара бекетінің шекарашыларына алғыс білдіреміз! 

299584802 883099122691686 8913528788059567036 n 1

 

Мектеп әкімшілігі атынан

 

 

 

 
                     ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
                                                  balatili.kz 1 2 Opera Снимок 2022 06 16 000255 termincom.kz c plbr