Жаңалықтар

Үздік оқушылар

Накеш Айша Әлібекқызы
Алдашева Аянат Серікқызы
Ерекеев Бақтыбай Бахитжанұлы
Мумбасов Исламбек Әлібекұлы
Рахметолла Перизат Айбекқызы
Накеш Құралай Әлібекқызы
Уразбекова Алина Болатовна
Ерлік Айгерім Закарияқызы
Исламғали Айару Мәдиқызы
Ерекеева Фариза Бахитжанқызы
Тұрсынғали Үміт Әлібекқызы
Саинова Кәусар Серікқызы
Исламғали Инабат Мәдиқызы
Жумабаев Турланбек Сапаргалиевич вич
Сатубалдиев Ахмет Исламғалиұлы
Ерлік Мадина Закарияқызы
Исламғали Парасат Мәдиұлы

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.27.44

1 тамызда "Мектепке жол" жалпы республикалық акциясы басталды, ол 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады және "Жақсылық жаса" ұранымен өтеді.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық кезінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Балалардың тағдырына бей-жай қарамайтындардың барлығын акцияға қатысуға және қайырымдылық көмек көрсетуге шақырамыз. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер телефон арқылы хабарласа алады: 8(71359) 36- 703 мектеп; 8 705 380 26 42 Дана Биржановна (ДТЖО); 8 771 226 18 90 Акмарал Нурлановна (әлеуметтік педагог).

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.25.10

Халықаралық жастар күні мерекесіне орай ауданымыздың білім саласында ерекше еңбегімен көзге түскен жас педагогтердің ата-аналарына Білім бөлімінің басшысы Н.Айжарыков алғыс хат табыстап, жылы лебізін жолдады!
Өз тарапымыздан мектебіміздің жас педагогы Нұрпейіс Іңкәр Жайыққызының ата-анасына алғыс білдіре отырып, отбасылық бақыт, денсаулаулық тілейміз!

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.22.58

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.

Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.

Осыған байланысты, аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес басшылыққа алу ұсынылады.

Акцияның басталуы - 2023 жылдың 1 тамызы, аяқталуы - 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.

Қайырымдылық акциясына атсалысып, үлес қосамын деушілердің барлығына аталған акция зор мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.19.57

Сенім телефоны.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.17.30

Қауіпсіздік ережелері.

 

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.14.47

Мектебімізде 2023 жылдың маусым айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке санаттағы, ыстық тамақпен қамтылатын балалар ата-анасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.11.09

2023 жылдың 19 маусым күні жол ережесі мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жазғы алаң қатысушылары Алия ауылында орналасқан "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына барып қайтты.
Патриоттық рухты шыңдайтын мақсатты іс-шара барысында оқушылар жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызының өмірбаяны, соғыс кезіндегі қолданған қару-жарақтары мен киімдері,сондай-ақ, көрсеткен ерліктері жөнінде деректермен танысты.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 16.18.49 2

Бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесінің тамырларына мән бере отырып,әке тәрбиесінің маңызын ашу,әкелердің балалармен бірге уақыт өткізуін насихаттау мақсатындағы оқушымыздың әкесімен уақыт өткізуіндегі көрінісі.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 16.18.01 1

13 маусым күні "Күншуақ" жазғы алаңының бірінші және екінші маусымы аяқталды. 10 күн ішінде өткен іс-шараның қортындысы шығарылып, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін балалар өздеріне арналған дастарханнан дәм татты.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.38.32 1

Жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерін біліп жүруге арналған түсіндірме жұмысы.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.27.35 1

"Күншуақ" жазғы алаңының қатысушылары өз уақыттарын табиғат аясындағы керемет фотосессияға арнады .

#күншуақжазғыалаң2023☀️??

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.26.05 1

Бүгін, 9 сыныпта таңдау пәні бойынша мемлекеттік емтихан өтті.
1 оқушы - Ағылшын пәнінен,
2 оқушы - Биология пәнінен,
10 оқушы - Қазақстан тарихы пәнінен тапсырды.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.23.37

"Күншуақ" жазғы алаңының қатысушылары түрлі қимыл ойындарын ойнай отырып , "Қобыланды батыр" мемориалдық кешеніне саяхаттап келді.

 

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.20.58

Жазғы спорттық алаңда "Спорт - денсаулық кепілі " эстафеталық сайысы өтті

#күншуақжазғыалаң2023☀️??

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.17.00

2023 жылдың 7 маусым күні өткен облыстық "Абай оқулары" байқауына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Мумбасов Исламбек қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

Жетекшісі: Жумалиева Дарига Исенгельдовна

WhatsApp Image 2023 08 17 at 15.15.15

9 сынып оқушылары математика(алгебра) пәнінен емтихан тапсырды.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.41.48

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.38.56

11 сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.36.26

Маусымның 1-нен бастап "Күншуақ" мектеп жанындағы жазғы алаң жұмысын бастады.
✅Алаңға мектепалды даярлық тобы, 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
✅Мектебіміздің балалары демеушілік тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтылады.
✅Алаңның жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-жұма
Уақыты: 09.00-12.30

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.32.34

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88, Ақтөбе облысының білім басқармасының 2023 жылғы 18 сәуірдегі №173, Аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі №311 бұйрығы негізінде мектебімізде 9 сыныпта қорытынды бітіру емтихандары басталды. Бүгін оқушыларымыз қазақ тілі пәнінен эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырды.
Емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрық талаптарына сәйкес өтті.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.29.50

“1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесімен барша бүлдіршіндерімізді құттықтай отырып, оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілеріне балмұздақ таратылды.
Балмұздаққа демеушілік көрсеткен
Суликанов Эльдар Халыковичке,
Нұрпейіс Айсұлу Бақытжанқызына,
Жумабаев Сапарғалиға,
Даутов Асланға
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ АТЫНАН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.26.26 1

Жиын барысында мұғалімдеріміз елеулі еңбектері үшін Аудандық білім бөлімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, АЛҒЫС ХАТТАРЫмен және мектебіміздің ҮЗДІК пән мұғалімі, сынып жетекшісі, бірлестік жетекшісі анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылындағы оқу үздіктері, дарынды оқушылар, яғни, мектептің білім деңгейін көрсететін пәндік олимпиада жүлдегерлерін және мектебіміздің абыройын биіктетіп түрлі шығармашылық, спорттық байқауларға қатысып, мектеп атын шығарып жүрген
белсенділеріміз марапатталды.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық , демекші, дарынды балаларды қолдау мақсатында ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сыйлықтарға демеуші болған жүрегі мейірімге толы ардақты Ербол Кукебаев ағамызға алғысымызды білдіреміз.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.23.54

2022-2023 оқу жылының қорытындысына арналған салтанатты жиыны өтті. Биылғы жылдың бір ерекшелігі 1-маусым Балалар күні мерекесімен бірге тойланды.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.20.59

Мектебіміздің түлектері ағаш отырғызу дәстүрін жалғастырды!

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.17.45

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жиренқопа орта мектебінде " Қобыланды батыр оқулары" атты аудандық дәстүрлі Қобыланды батыр жырын жатқа айту байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздары:
І орын - Сақтағанова Айгерім Калиновка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын - Алдашева Аяжан Жиренқопа орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
ІІ орын - Қабидоллаева Малика Қосөткел негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Сарсенғалиева Ақнұр Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Совет Мадина Жаңаталап негізгі мектеп - бөбекжайының 8 сынып оқушысы;
ІІІ орын -Жолдығали Айбол Жарық мектеп - балабақшасының 7 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Наурзалей Аяна И.Тайманов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы.

Жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз!!!

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.17.45

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жиренқопа орта мектебінде " Қобыланды батыр оқулары" атты аудандық дәстүрлі Қобыланды батыр жырын жатқа айту байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздары:
І орын - Сақтағанова Айгерім Калиновка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын - Алдашева Аяжан Жиренқопа орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
ІІ орын - Қабидоллаева Малика Қосөткел негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Сарсенғалиева Ақнұр Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Совет Мадина Жаңаталап негізгі мектеп - бөбекжайының 8 сынып оқушысы;
ІІІ орын -Жолдығали Айбол Жарық мектеп - балабақшасының 7 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Наурзалей Аяна И.Тайманов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы.

Жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз!!!

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.13.56

Оқу үрдісінен үзінді.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.11.17

Алаяқтыққа қарсы күрес негізінде мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмысы мен тренинг жаттығулар жүргізілді.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.08.29

ІХ "Айбын-2023" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының Ақтөбе облыстық іріктеу кезеңі 2023 жылдың 18-20 мамыр күндері Ақтөбе қаласының, №55 ОМГ базасында 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында 7 түрлі сайыс бойынша өткізілді.
Командалық жарыста:
Әскерилендірілген эстафета - ІІ орын.
Арқан тарту- ІІ орын.
Шалқадан жатып денені көтеру - ІІ орын.

Жекелей
ЖҚЖ кию жарысында Алдашева Аянат - ІІ орынды иеленді .

Жалпы командалық есепте 4 орынды иеленді.

Жетекшісі: Клютов Н.К.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

WhatsApp Image 2023 08 07 at 18.01.42

Биылғы оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды.Осыған орай мектебімізде 05.05.2023 күні отбасы күніне орай "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында, 16.05.2023ж 9,11 сыныптар мәселелері жөнінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
?Ата-аналарды балаларға жауапкешілікпен қарауға шақыру.
Бас қосуда оқу жылын аяқтауға қатысты мәселелер пысықталды.
?Балалардың сабаққа қатысымы, мектеп формасы.
?Құқықбұзушылықтың алдын-алу.
?Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу.
?Балалардың жетістіктерін ата-аналарға жеткізу.
?Әр-түрлі мәселелер.

?Жиын барысында соңғы қоңырау мен аттестат тапсыратын күндері серуенге шығуға, бас қосуға, түрлі себептермен қаражат жинауға тиым салынатыны қатаң түрде ескертілді.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 17.52.56

Ауылымыздың инспекторы Дарменкулов Ж.Н. мектеп оқушыларына интернет алаяқтығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 17.47.59

Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 сынып оқушыларына «Отбасы –бақыт мекені» атты сынып сағаты өткізілді.

Сынып жетекшісі: Идирисова Ж.Н.

WhatsApp Image 2023 08 07 at 17.47.23

Бастауыш 2, 3, 4 сынып оқушыларына арналған Республикалық "Бастау" атты математикалық құрама топтық олимпиадасының аудандық кезеңіне Жиренқопа ОМ командасы қатысып, жүлделі 1 орын иеленді.

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.37.41

6 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «ТОЛАҒАЙ» спорттық-отбасылық сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ата-ана мен оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа, жолдастық сенімге тәрбиелеу.
Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтары табысталды.

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.28.06

Мектебімізде "Жасыл мекен" челленджі ұйымдастырылды.
"Жасыл мекен"челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгаландыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.23.28

"Елбасы медалі" жобасының ?қола медаль иегері Накеш Айшаны
шын жүректен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.21.25

Алаяқтыққа қарсы күрес негізінде мектеп қызметкерлеріне шағын кітапша таратылды.

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.19.23

Алаяқтыққа қарсы күрес негізінде мектеп директоры
Жарылғапова Ұ.С. оқушыларға жалпы түсіндіру жұмысын жүргізіп, "Телефон алаяқтарының құпиясын қалай жария етуге болады, алдаудың үш белгісі" кітапшасымен таныстырып, таратты.

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.15.41

"Қоғамдық - гуманитарлық" әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында спорттық- интеллектуалдық "Шах и Мат" ойыны өткізілді.

Өткізген: Е.М.Жарылгапов

WhatsApp Image 2023 07 01 at 18.09.38

"Қоғамдық - гуманитарлық" әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында оқушыларға “көңілді қоңырау” айдарында Jenga ойыны өткізілді.

Өткізген: Нұрпейіс І.Ж.

 
                     ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
                                                  balatili.kz 1 2 Opera Снимок 2022 06 16 000255 termincom.kz c plbr