5b143354 6705 4cbb 900c 8bf83a807619 1 

Мектебіміздің түлегі Алдашева Аянат Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа түсті.

Құттықтаймыз! 

WhatsApp Image 2024 08 02 at 10.31.50 

Мектепке бос лауазымдар туралы ақпарат жұмыспен қамту орталығының «Enbek.kz» сайтынан, мектептің «zhirenkopa-khobda.edu.kz» сайтынан, мектептің инстаграм «zhirenkopa_om» парақшаларынан көруге болады.

WhatsApp Image 2024 08 01 at 15.02.05 

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
📌2024 жылдың 1-тамызынан бастап жыл бойы жүретін «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ» ұранымен «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз!
📌Акция ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
📌Акцияның мақсаты: Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушыларға қолдау көрсету; Баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; Жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
📌Қолдан келген көмек түрлерін ұсынатын жаны жомарт демеушілерді «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз!
Жауапты мамандар:
📍Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Д.Б.Шуайпова
📍Әлеуметтік педагог - А.Н.Курманова
Хабарласуларыңызға болады.
Байланыс телефондары:
8705-380-26-42,8771-226-18-90

WhatsApp Image 2024 08 01 at 15.02.05 1 

ҚР Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 13-қосымшасы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету“ қағидасына сәйкес
Жиренқопа ОМ КММ-де мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау жүзеге асырылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібі:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2. Мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға, алайда төменгі күнкөріс деңгейінің табысы кіреді;
3. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5.Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
1 балаға берілетін қаржы көлемі - 43 407 теңге.

Мекен-жайы: Жиренқопа орта мектебі,Жастар тұйық көшесі 3.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.15.13 

6 шілде - Астана күніне орай “АСТАНА -ЕЛ ЖҮРЕГІ” фотокөрмесі. 🔆

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.43 

6 шілде - Астана күніне орай “АСТАНА -ЕЛ ЖҮРЕГІ” фотокөрмесі. 🔆

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

WhatsApp Image 2024 07 17 at 18.14.28 

6 шілде - Астана күніне орай “АСТАНА - ЕЛ ЖҮРЕГІ” фотокөрмесі. 🔆

Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы 1997 жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды.